28 мамыр 2022 | 09:51

Қаңтар оқиғасы кезінде мені террорист деп айыптады - Шымкентте тұратын нигериялық

© otyrar.kz кадры

Шымкентте тұратын нигериялық Джейкоб Чияолам Соломон Otyrar.kz порталына оны қаңтар оқиғасы кезінде террорист деп айыптағандар болғанын және "еркіндік" үшін ақша төлеуі керегін айтқандар болғанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте тұратын нигериялық Джейкоб Чияолам Соломон Otyrar.kz порталына оны қаңтар оқиғасы кезінде террорист деп айыптағандар болғанын және "еркіндік" үшін ақша төлеуі керегін айтқандар болғанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам Нигериядан Қазақстанға бір жыл бұрын келген. Бастапқыда Алматыда ағылшын тілінен сабақ берген. Нигериялық оңтүстік астанадан Шымкентке оны ұрлық жасады деп айыптаған алаяқтардың кесірінен көшіп кеткен. 

"Алматыда ағылшын тілін білетін қызбен таныстым. Біз достасып, ол мені үйіне шақырды. Үйінде боксшы ағасы болды. Уақытты жақсы өткіздік, сосын мен үйіме қайтуды ойладым. Бірақ олар маған такси шақырып, хостеліме дейін бірге баруды шешті. Жеткенімізде ағасы телефонын жоғалтқанын айтып, мені айыптай бастады. Мені толық тексеріп, ештеңе таппағандықтан бөлмемді тексеруді ұсындым. Ресепшндегі қызметкерлер келіп, олар алаяқ болуы мүмкін екенін, полиция шақыртып, мені ұрлық жасады деп айыптауы мүмкін, ал полиция мені түсінбеуі мүмкін екенін айтты. Артынша олар расында телефонды матрастың астына тығып кеткені анықталды", - дейді Джейкоб.  

Реклама
Реклама

Кейіннен Шымкентте Джейкоб үйіне бара жатқан жерінен ұсталған. Салдарынан ер адам ақшасын және эйрподсын (құлаққап - еск.) алып кеткен. 

"Қаңтар оқиғасы кезінде таксимен үйге келе жатқанмын, бізді маска таққан адамдар тоқтатты. Алдымен таксисті тексеріп, сосын мені де тексерді. 25 мың теңге ақшам мен эйрподсымды алып кетті. Артынша менің телефоным мен ватсабымды тексере бастады, ал ол жерде мен достарыма митинг кезіндегі видеоларды жібергенмін. Мені террорист деп айыптай бастады. Басқа көлікке отырғызып: "Қанша ақшаң бар?" деп сұрады. Ақшам жоғын айттым. Олар каспиді аштырып, біреудің нөміріне 50 мың теңге аударып жіберді. Ештеңе істей алмадым. Сосын мені көліктен шығарып, "кете бер" деді", - деді Джейкоб. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная