11 желтоқсан 2019 15:43

Қарағанды облысының тұрғыны үйінің ауласында қасқыр асыраған

Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының тұрғыны үйдің ауласында қасқыр асыраған. Әлеуметтік желілерде иесінің қасқырларды түсіріп жатқан видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының тұрғыны үйдің ауласында қасқыр асыраған. Әлеуметтік желілерде иесінің қасқырларды түсіріп жатқан видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйдің ауласындағы қасқырлар жайлы видео бастапқыда Instagram желісіндегі @5kanal.kz паблигінде жарияланған. Видеоның сипаттамасында қасқырларды Бұхар Жырау ауданы Суықсу ауылында асырап жатқаны айтылады.

Реклама
Реклама

"Мынау адам ауласында қасқырларды ұстайды, олармен бірге серуендеге барады. Тұмылдырық та тақпайды, бос жүреді. Біздің балаларымыз бар, олар үшін қорқамын. Ол болса біздің ескертулерімізді тыңдамайды да", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 5 канал Караганда (@5kanal.kz) 9 Дек 2019 в 10:38 PST

Бұл қасқырларды жергілікті қорықшының асырайтыны белгілі болды.

"Мен бұл қасқырларды торда ұстаймын, олар аулаға шығып кетпейді. Өзім қоректендіріп, асыраймын. Кейін хайуанаттар бағына беретін шығармын мүмкін", - дейді қорықшы.

Оның айтуынша, қасқырлардан тордан еш жағдайда шығып кете алмайды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram