ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қараша 2020 17:06
Карантин кезінде тойда жүрген танымал спортшылар видеоға түсіп қалды
Карантин кезінде Семейдегі мейрамханалардың бірінде түсірілген үйлену тойының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадларынан қазақстандық спортшылар "Қазақстан Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты көруге болады.
Сондай-ақ, тойда кем дегенде 100 адамның жүргені көрінеді. Олар маска тақпаған және әлеуметтік қашықты сақтамаған.
Полиция өкілдері Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.
"7 қарашада сағат 17:30-да арнайы бақылау тобы жүргізген рейд барысында Бегалин көшесінде орналасқан "Салтанат Сарайы" мейрамханасында той өткені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жиналып, процессуалдық шешім шығару үшін қалалық санитарлық-эпидемиялық қызметке жолданды", - деді полицейлер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу