11 сәуір 2022 | 16:12

Қазақ әйелдері не үшін орамал таққан? Этнографтар түсіндірді

Сурет: massaget.kz мұрағатынан

Қазақ салтында әйел адамның орамал тағып, жаулықпен жүру үрдісі бұрыннан бар екені белгілі. Оны қазірге дейін сақталған тарихи құжаттар, картиналар мен ондағы бейнелер дәлелдейді. Қазақстандық этнографтардың сөзінше, әйел баласы ес тоқтатып, отбасылық өмірге қадам басқанда, келін болып түскенде беташардан кейін енелері басынан сәукелесін шешіп, ақ орамал салған. "Орамалмен оранып тұмшаланбаған" дейді этнограф Ғалия Қайдауылқызы. Бұл пікірмен оның әріптесі Досымбек Қатранұлы да келіседі. Этнографтар Tengrinews.kz тілшісіне қазақ салтында орамал тағудың мәні қандай болғанын түсіндіріп берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ салтында әйел адамның орамал тағып, жаулықпен жүру үрдісі бұрыннан бар екені белгілі. Оны қазірге дейін сақталған тарихи құжаттар, картиналар мен ондағы бейнелер дәлелдейді. Қазақстандық этнографтардың сөзінше, әйел баласы ес тоқтатып, отбасылық өмірге қадам басқанда, келін болып түскенде беташардан кейін енелері басынан сәукелесін шешіп, ақ орамал салған. "Орамалмен оранып тұмшаланбаған" дейді этнограф Ғалия Қайдауылқызы. Бұл пікірмен оның әріптесі Досымбек Қатранұлы да келіседі. Этнографтар Tengrinews.kz тілшісіне қазақ салтында орамал тағудың мәні қандай болғанын түсіндіріп берді. 

"Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық" деген қазақ халқының даналығы бар. Мұндағы ақ жаулық сөзін Ғалия Қайдауылқызы әйел-ана сөзінің баламасы деп түсіндірді.   

"Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. Әйел затының басты жабуы - ең алдымен, шашты сақтауы. Қадірі мен қасиетін бағалай білуі. Этикалық, эстетикалық, гигиеналық мәні зор", - дейді этнограф Ғалия Қайдауылқызы.

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, қазақ әйелдерінің жаулық жабуының мәні мен сәні ерекше үйлесім тапқан.

"Орамалмен оранып тұмшаланбаған. Бет-әлпетінің әрін ашып, талғамы мен деңгейін сыпайы ғана кестеленген өрнектермен әшекейлеген. Жас ерекшелігі мен дәреже деңгейіне қарай жаулықты да, кимешектің де пішімі мен салтанат сәнін үйлестіре білген", - дейді этнограф.

"Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдардың атауларының дәстүрлі жүйесі" энциклопедиясында "Ақ жаулық" сөзіне мынадай анықтама берген: "Әйелдердің баскиімі, орамалы. Бұл атау кейбір өңірлерде сәукелеге, кимешектің деталі, жамылғысы орнында да қолданылады. Басқа баскиімдері тәрізді ақ жаулыққа қатысты қасиетті киім ретінде қастерленеді".

Этнограф Досымбек Қатранұлының сөзінше, қазақта қыз бала болсын, ұл бала болсын орамал салмайды, шыт тақпай еркін өседі. Ол киімнің бастапқы мақсатын еске салды. Этнограф қазір киімге діни салттық ғұрыптық мән берілген деп есептейді. 

"Тақия, бөрік кию бар, бірақ ол басты жылы ұстау мақсатында қолданылған. Жалпы, киімнің мақсаты неде? Табиғи әсерден қорғану. Ол кейін барып әлеуметтік мәнге ие болған деп есептеуге болады. Киімнің негізгі қызметін ұмытпауымыз керек", - дейді ол. 

Досымбек Қатранұлы қыз бала тұрмысқа шыққанда орамал таққанын айтты.

"Орамал тағу қыз балаға келе бермейді. Ол ұзақ жолға шыққанда, бөрігі ұшып кетпес үшін, шашын орау үшін тағып қояды. Бұл практикалық қажеттіліктен туады. 

Ал ұл балалар оң жақ шекесіне шағын ғана орамалды түйіп қояды. Ол әйел заты секілді артына түймейді. Ал көбіне атқа мінгенде құлағына жел кірмеуі үшін балалар, жігіттер мен қарт кісілер де таққан", - дейді ол. 

Этнограф басты жауып жүру - халықтың дүниетанымдық көзқарастарында бар екенін де жасырмады. 

"Еркек адам орай тұсын жауып жүруі керек дейді. Басты қадірлеп, оны жауып тақия, тымақ, бөрік киген. 

Әйел адамда да сондай. Ашық-шашық жүргеннен жинақы жүргенді құп көрген. Бүгінгідей киімге діни салттық ғұрыптық мән беруге болмайды. Дәстүрлі ортаның танымына келмейді деп айтамыз", - деді маман.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная