ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2022 | 14:19
"Қазақ титаны" ұшақ сүйреп, рекордын жаңартты
Желіде ұшақ сүйреген жігіттің видеосы тарады. Ол - алматылық Алмат Джуманов. Жасы 25-те. Tengrinews.kz тілшісі Алматпен сөйлесіп, ерекшелігінің сырын сұрады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде ұшақ сүйреген жігіттің видеосы тарады. Ол - алматылық Алмат Джуманов. Жасы 25-те. Tengrinews.kz тілшісі Алматпен сөйлесіп, ерекшелігінің сырын сұрады.
Ерекше қырымен танылған Алмат спортпен айналысады.
"Кәсіби түрде спортпен айналысамын. Бірақ өзім жеке жаттығамын. Ауыр зілтемір көтеремін", - деді ол.
Алмат Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тағы бір рекорд орнатқан.
"22 наурыз мейрамы қарсаңында АН-74 әскери ұшағын 6 метрге сүйредім. Кейін БАҚ шақырып, 1 метрге сүйредім. Бұрынғы рекордымды бұза алмадым. Бірақ бұл да жақсы көрсеткіш. Себебі ұшақты алғаш сүйреген мен екенмін әрі менің жасымда ондай болмаған. 22 наурыздағы ұшақтың салмағы жанармайымен бірге 32 тонна болды. Гиннестің рекордтар кітабына ендім. Бірақ құжат жағын жасауға қолдау қажет", - деді ол.
Ол бұл ерекшелігі атасынан дарығанын айтады.
"Туыстарымның айтуынша, атам палуан болған екен. Кезінде түйе көтеріп, күрескен", - деді Алмат.
Сондай-ақ, Алмат осындай ауыр заттарды көтеру идеясы қалай келгенін айтып берді.
"Интернетте шетелдіктердің осылай жасағанын көп байқадым. Неге бізге де солай жасамасқа деп ойладым. Мықты азаматтар көп екенін көрсеткім келді", - деді ол.
Алмат Джуманов Желіде "Қазақ титан" деген есіммен танымал. Instagram желісіндегі парақшасы бар. Онда 21 мыңнан аса оқырманы бар.
"Бала кезімде қолым сынған еді. Сонда мықты темір қойды. Өсе келе, неге титан деп қоймасқа деп ойладым. Жаттығу жасадым, бұлшықеттерім де шынықты. Сөйтіп, титан деп іздеп көрсем, Америкада ондай көп екен. Қазақы қылып қояйын деп, "қазақ титан" деуді дұрыс көрдім", - деді ол.
Алмат қалай тамақтанатынын айтты.
"Күніне 7-8 рет тамақ ішемін. Көбіне еттен дайындалған тағамдарды тұтынамын", - деді Алмат Джуманов.
Ол түйені 2021 жылы мамырда көтерген, ал пойызды наурызда сүйреген.
Алматтың айтуынша, денсаулығына шағымы жоқ. Бірақ кейде қиын жағдайлар болып тұрады екен.
"Денсаулығыма байланысты шағым жоқ. 109 тонна пойызды тартқан кезде тежегіші ұстап, тұрып қалдым. Бірақ 35 сантиметр жылжыттым. Кейін тежегіштен екенін біліп, қайта сегіз жарым метр тарттым", - деді Алмат.
Ол ауыр салмақтағы дүниелерді көтерген кезде ерекше тәсіл қолданады.
"Жалпы, салмағы 300 келі болатын түйені көтеріп, 3 көлік тартып, 13 метр жүрдім. Сонымен қатар, 109 тонна цемент салынған вагонды сегіз жарым метрге тарттым. Бұлай әлі ешкім жасамаған. Себебі тарту тәсілім өзгеше болды. Мен белмен тартамын, көпшілігі иығына жүгінеді. Менің ерекшелігім осы", - деді палуан.
Алмат басқа қандай қырлары барын әңгімеледі.
"Одан бөлек жылытқыш, резіңке үрлеп, жарам. Шегеден жүрек жасап, бір-біріне байлай аламын. Көліктің алдын көтеріп, ағашқа қолмен шеге қағатын өнерім де бар. Тіспен кішігірім көлік, ұшақ сүйреген кездерім де болды. Олардың салмағы 1, 3 тонна көлемінде еді", - деді ол.
Алмат болашақтағы арманын айтып берді.
"Алдағы мақсатым Қазақстан атын әлемге танытып, шетелдіктерді таңғалдыру, қолдау болса, жетістікке жеткім келеді. Болашақта 300 тонна болатын толық жиынтық пойызды тартып, Қазақстанның атын шығарғым келеді", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также