Қазақ тілінде сирек баталарды жатқа білетін Людмила әже жұртты таңғалдырды

Қазақ тілінде сирек баталарды жатқа білетін Людмила әже жұртты таңғалдырды © youtube

70 жаста?ы Людмила Бай?адамова жастайынан ?аза? тілінде бата о?ы?анды жа?сы к?реді екен. Ол а?са?алдар мен ?желерден естіген баталарын жинап ж?ріп, жа?ында сирек кездесетін баталар жина?ын шы?ар?ан, - деп хабарлайды "Мой Город".

70 жастағы Людмила Байқадамова жастайынан қазақ тілінде бата оқығанды жақсы көреді екен. Ол ақсақалдар мен әжелерден естіген баталарын жинап жүріп, жақында сирек кездесетін баталар жинағын шығарған, - деп хабарлайды "Мой Город".

Оның жинағында барлық жағдайға керекті бата бар - қыздарға, ұлдарға, туыстарға және нағашы жиендерге. "Негізінде олар әзіл сипатта айтылады. Құрдас адамдар бір-біріне мейірімді әрі әзіл бата беріп жатады", - дейді Людмила әже. Людмила Байқадамова Совет одағының батыры Бауыржан Момышұлы берген батаны толығымен біледі екен. Зейнеткердің айтуынша, ер адамдар отырған жерде әйел адамның бата беруі дұрыс емес. Соған қарамастан, қазақ тілін жетік меңгерген әже залдағы ер адамдардан рұқсат сұрап, бірнеше бата оқып берді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама