ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2019 | 08:44
Қазақстан Президентінің сүйікті мұғалімі Сейітхан Исаев қайтыс болды
Алматы облысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы мұғалімдерінің бірі Сейітхан Исаев 102 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы мұғалімдерінің бірі Сейітхан Исаев 102 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Немересі Динара Исаеваның айтуынша, ұлағатты ұстаз 11 ақпанда таңертең ауруханада көз жұмған.
Сейітхан Исаев - Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих пәнінің мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстан Білім саласының құрметті қызметкері. Барыс және Парасат ордендерінің иегері. Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұстаздарының бірі. Оған Президенттің жас кезінде қандай болғаны, қалай оқығаны туралы жиі сұрақ қойылатын.
Сейітхан Исаев бес баланың әкесі, немерелері мен шөберелері бар.
Показать комментарии
Читайте также