ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2020 | 09:21
Қазақстанда интим қызмет көрсететін ер адамдарды жазаламау ұсынылды
Танымал қазақстандық кәсіпкер, қоғам белсендісі және көпбалалы әке Ерлан Нұрпейісов интим қызмет көрсететін ер адамдарды жазаламауды ұсынды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал қазақстандық кәсіпкер, қоғам белсендісі және көпбалалы әке Ерлан Нұрпейісов интим қызмет көрсететін ер адамдарды жазаламауды ұсынды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жезөкшелерді не үшін ұстайды? Олар заңды бұзбайды. Бізде тек жеңгетайлық қызмет көрсететіндер жазаланады. Әсіресе әйелдерге интим қызмет көрсеткен ер адамдарды ұстағандары түсініксіз. Ол тек "бір сағатқа күйеу" ғой, тура және ауыспалы мағынасында және ондай қызмет біздің қоғамға қажет, себебі ер адамдар ішімдікке салынып, нашақорға айналған. Одан бөлек, дұрыс тамақтанбай, жұмыс орнынан тұрмай жұмыс істейтіндер семіріп, ерте импотенцияға ықпал етеді. Ал бізде, әсіресе толық шенеуніктердің көп болғаны соншалық, Американы қуып жететін шығармыз!
Маскүнем, есірткіге құмар ерлерінің еркелеткенін ұмытып қалған сол шенеуніктердің әйелі және бизнес-ледилер не істеуі керек? Көбінің тіпті күйеуі де жоқ, көбі ондай "тарзандарға" төзе алмайды. (...) Сондықтан аптасына бір рет болсын маманды шақырған дұрыс", - дейді кәсіпкер Facebook желісіндегі парақшасында.
Ерлан Нұрпейісов © Facebook
Еске салайық, кеше, 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері 30 мың теңгеге интим қызмет көрсеткен ер адамдарды ұстап, полиция бөлімшесіне апарып, айыппұл салған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также