15 тамыз 2019 | 13:50

Қазақстанда жас әйелдердің саны күрт азаяды

© pixabay.com

Қазақстанда жас әйелдердің саны күрт өзгереді. Бұл туралы еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жас әйелдердің саны күрт өзгереді. Бұл туралы еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 мен 29 жас аралығындағы әйелдер саны 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында туудың төмендеуіне байланысты айтарлықтай төмендейді.

Реклама
Реклама

"2018 жылы бұл көрсеткіш 1,4 миллион адамды құраған болса, 2025 жылға қарай көрсеткіш 1,1 миллион адамға қысқарады. Нәтижесінде популяция өсуі баяулйды, бірақ бұл процесс тоқтамайды", - дейді хабарламада. 

Жалпы, туылу мен өлім көрсеткіштерін өткен жылдың деңгейінде сақталған жағдайда, 30 жылдан кейін Қазақстан халқы 24 миллионнан асады, олардың 9 миллионы еліміздің үш ірі қаласында тұрады деп болжануда.

Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында қазіргі уақытта халықтың 22 пайызы тұрады. Оған іргелес Алматы, Ақмола және Түркістан облысының адамдарын қосқанда көрсеткіш 47 пайызға өседі.

"Осы қарқынмен 2050 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласының халқының саны 3,1 миллион адамды құрайтын болады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 194 пайызға өседі. Алматы қаласының тұрғын саны 82 пайызға өсіп, 3,3 миллион адамды құрайды деп болжануда. Ал үшінші мегаполис Шымкент қаласының тұрғындар саны 2050 жылға қарай 167 пайызды яғни 2,6 миллион адамды құрайды деп есептеледі", - деп хабарлайды еңбек ресурстарын дамыту орталығының директоры Дмитрий Шумеков. 

Айта кетейік, бұл болжамдар өткенді шолу негізінде жасалған және бірқатар факторларға байланысты орындалмауы да мүмкін.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная