ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2017 | 17:58
Қазақстандық акробаттар Қытайда өткен таланттар шоуында көлік ұтып алды
Қазақстандық акробаттар - 25 жастағы Батыр Жанұзақ пен 23 жастағы Марлен Маратов Қытайдың Үрімші қаласында өткен Reality Show Talent байқауында көлік ұтып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық акробаттар - 25 жастағы Батыр Жанұзақ пен 23 жастағы Марлен Маратов Қытайдың Үрімші қаласында өткен Reality Show Talent байқауында көлік ұтып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олардың айтуынша, тағы жеті команда байқаудың үш кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға өткен. Жүлделі үш орынды Қытай қатысушылары алған. Ал қазақстандықтар 4-орынға тұрақтаған. Айта кетейік, шоу ұйымдастырушылары жеңімпазға жол талғамайтын көлік, күміс жүлдегерге - кроссовер, ал үшінші және төртінші орынды иеленгендерге Ford Mondeo көлігі берілді.
"Біз Алматыда тұрамыз және Қазақ мемлекеттік циркінің әртісіміз. Осыған дейін біз Испанияда, Францияда, Латвияда және Қазақстанда өткен цирк фестивальдерінің лауреаттары атанғанбыз. Қытайда өткен таланттар байқауының финалына қытайлық төрт команда, қазақстандық үш команда және Украиндан бір команда өтті. Көліктен бөлек бізге Бейжіңде өтетін таланттар шоуына жолдама берді", - деді байқау жүлдегерлері.
Айта кетейік, қазақстандық таланттар Үрімшіде өткен байқаудың финалында күрделі акробатикалық нөмірді көрсетті.
"Біз Қытайға финалға 10 күн қалғанда келдік. Алайда олар бізге осы уақыт бойы дайындалу үшін алаң бермеді. Соңында біз финалға бір күн қалғанда да дайындалдық. Сонда да жүлделі орынға ие болдық. Визамыздың мерзімі аяқталғандықтан біз бірден Қазақстанға ұшып кету керек болдық. Финалдың көрсетілімі мамырда болады, сол кезде Қытайға барамыз. Сонда жүлдемізді алып, отанымызға қайтамыз деп ойлаймын", - дейді жүлдегерлер.
Показать комментарии
Читайте также