ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2017 | 14:44
Қазақстандық журналист кітапқұмар петерборлықтарға тәнті болды
Қазақстандық журналист, блогер Марфуға Шапиян Ресейдің Санкт-Петербург қаласы тұрғындарының ерекше кітапқұмарлығына тәнті болды. Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық журналист, блогер Марфуға Шапиян Ресейдің Санкт-Петербург қаласы тұрғындарының ерекше кітапқұмарлығына тәнті болды. Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды.
Оның айтуынша, бұл қалаға келген жанның әдеби атмосфераны сезінбеуі мүмкін емес. Қала тұрғындары қайда жүрсе де өзімен бірге кітап алып жүреді екен.
"Осыған дейін Питер тұрғындарының кітапты көп оқитыны туралы аңызды талай естідік қой. Бірақ көзбен көргеннің әсері басқа екен. Метро, автобус, қоғамдық орындар, ең аяғы кафе-мейрамханаларындағы адамдарына дейін қолдарындағы кітапқа үңіліп отырғанын көресің. Мынандай ортада жүріп, кітапты жақсы көрмеу мүмкін емес шығар. Жас демейді, кәрі демейді, барлығының қолынан кітап түспейді. Және не көп, кітап дүкені көп. Айжан екеуміз таңертең музейге немесе өзге де көруіміз тиіс жерлерді жоспарлап қонақүйден шығамыз, бірақ жолдан кітап дүкені кездессе, ішіне кіріп айналшықтап шыға алмай қаламыз.
Айтуынша, тіпті кафе-мейрамханалар да жазушылардың атымен аталады екен.
"(...) дүкендерінің іші кірсең шыққысыз, көздің жауын алардай әсем. Өзге әлемге түсіп кеткендей боласың. Ал сырты кірмесіңе қоймай, көзіңді арбап тұрады. Ең аяғы кафе-ресторандары да жазушыларының атымен аталады. Анау бір суреттегі фото кезінде Пушкин аялдаған кафе. Атақты ақын отырған орындыққа оның мүсінін орнатып, "литературное кафеге" айналдырып қойған", - деп жазды журналист.
Марфуға Шапиян соңында өзінің қызығып жүрген кітапханасы жайлы оқиғаны баяндады.
"Айтпақшы, Эрмитажды аралап жүріп, бір тамаша бөлмеге тап болдық. Өзім интернеттен көріп, кітаптарына қызығып жүрген бір сурет болатын. Оған қарап, болашақта үйім болса, бір бөлмесін осындай кітапханаға айналдырсам ғой деп армандап қоятынмын. Ақыры не керек, сол фотодағы кітапхана Эрмитажда алдымнан шығады ғой. Сөйтсек, ол ІІ Николай патшаның кітапханасы екен ғой! Керемет енді!", - деп жазды журналист.
Соңында блогер оқымысты қала тұрғындарының суретін жариялады.
Показать комментарии
Читайте также