30 мамыр 2020 11:28

Қазақстандық қыз Maxim журналының мұқабасына түсуі мүмкін

Бостон университетінің студенті қазақстандық Ұлбосын Тасанова атақты Maxim журналы ұйымдастырған байқаудың финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бостон университетінің студенті қазақстандық Ұлбосын Тасанова атақты Maxim журналы ұйымдастырған байқаудың финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол жеңген жағдайда журнал мұқабасына түсіп қана қоймай, 25 мың доллар ақшалай сыйлық та алады. Ұлбосынның айтуынша, ол әдетте мұндай байқауларға сенімсіздік танытып, қатыса бермейді. 

Реклама
Реклама

"Қызығып суреттерімді жібердім, содан кейін байқау басталғаннан кейін оның шынайы екенін түсіндім. Негізінен Instagram-дағы байқауларға сенбеймін. Әрине, бұл менің модельдік карьермның сәтті бастауы болар еді. Әзірге мен топта төртінші орында тұрмын", - деді ол.

ТОП-20 қатысушы 4 маусымда дауыс беру қорытындысы бойынша белгілі болады. Қазақстандыққа мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Ұлбосын Тасанова Бостонда магистратурада оқиды. Алдағы уақытта Нью-Йорк қаласына көшіп, модельдік карьерсын бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram