Қазақстандық модель Mover журналының мұқабасына шықты

Ақерке Ысқақова

Қазақстандық модель Ақерке Ысқақова халықаралық Mover журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық модель Ақерке Ысқақова халықаралық Mover журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақеркенің модельдік бизнесте жүргеніне 15 жылдан асты. Осы уақыт аралығында ол әлемнің түрлі елінде жұмыс істеген. АҚШ-та тұрып жатқанына үш жылдай болды. Оның қоржынында Miss Nation Universe 2020, Miss Asia USA сияқты сұлулық байқауларындағы бірнеше жеңіс бар, ал жақында ол халықаралық Golden 1000 бизнес сыйлығының иегері атанды.

Сәнқой модель карьерасын армандайтын жастарға бірнеше кеңесін айтты.

Реклама
Реклама

"Ең алдымен менмендік болу керек және мықты болу қажет. Ешқашан берілмей, арманыңызға нық қадам басыңыз", - деп бөлісті ол.

 

Сонымен қатар, модель аустралиялық бренд үшін New York Fashion week 2019 сән апталығына қатысқан. Ол Topcity, Surreal, Faddy, Ellements, Gmaro, #1mag, FHM Netherlands журналдарының мұқабасына да шыққан.

Алматыда Ақерке Ысқақова Қазақстан-Америка университетін "радиотехника және телекоммуникация" мамандығы бойынша тәмамдаған. Жеке компаниялардың бірінде қоғаммен байланыс жөніндегі директор болып жұмыс істеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама