17 маусым 2021 09:41

Қазақстандық модель танымал америкалық дизайнердің жарнамасына түсті

Камила Долаева Журналист
Баян Бокишева

Қазақстандық модель Баян Бокишева танымал америкалық дизайнер Александр Ванның (Alexander Wang) жарнамалық түсіріліміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық модель Баян Бокишева танымал америкалық дизайнер Александр Ванның (Alexander Wang) жарнамалық түсіріліміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кастинг шамамен бір айға созылды және ол екі қалада - Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте қатар жүрді. Іріктеуді сән индустриясында танымал кастинг директор Анита Биттон жүргізді, ол әлемдегі ең танымал брендтермен ғана жұмыс істейді.

"Кастингтен өтпек тұрмақ оған барудың өзі абырой саналады. Сіз тек соңғы нәтижесін көресіз, бірақ бұл жұмысқа орналасу үшін іріктеудің қанша кезеңінен өту керегін адамдар біле бермейді. Онлайн кезеңдер де, продюсерлік және кастинг-директорлармен тікелей кастингтер, өлшеу, кейін финалдық кезең, онда Александр Ванның өзі және оның командасы таңдайды", - дейді Баян Бокишева.

Реклама
Реклама

Ал түсірілім Лос-Анджелесте үш күн бойы өткен. Брендтің жарнамалық науқанына суреттерден бөлек Sisters ролигі де түсірілген. Дизайнер Александр Ван оны түсіру процесін жеке бақылауы үшін өзі ұшып келген. 

"Бұл жұмысқа қол жеткізгеніме өте қуаныштымын және еліміздің әлемнің фешен-картасында танымалдығын арттыруға үлес қосқаныма шын жүректен мақтанамын, мен ірі брендтің келбеті бола алған алғашқы қазақ қызымын", - дейді Баян.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram