13 наурыз 2020 09:39

Қазақстандықтар коронавирусқа байланысты той өткізуден бас тартпады - ресторатор

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар коронавирус үшін тойларды кейінге қалдыруға асықпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар коронавирус үшін тойларды кейінге қалдыруға асықпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынғандықтан, көптеген адам мейрамханада тойланатын корпоративтік іс-шаралардан бас тартқан. Банкеттердің болмауынан рестораторлар шығынға ұшырап жатыр. 

Реклама
Реклама

"Осы демалысқа жоспарланған шаралар енді болмайтынын айтып, бас тартып жатыр. Рестораторлар азық-түлік алып қойған, сондықтан ақшаларын да қайтара алмайды. Сол себепті көбі енді ешкім өтеп бере алмайтын шығынға ұшырап жатыр", - дейді Қазақстанның рестораторлар клубының басшысы Гүлнара Катибаева. 

Кеше 12 наурызда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға коронавирустың тарау қаупіне байланысты тойлар мен туған күн кештерін кейінге қалдыруға кеңес берген еді. Гүлнара Катибаеваның айтуынша, бұған қарамастан қазақстандықтар үйлену тойларынан жасаудан бас тартпаған. 

"Менің тәжірибемде тойдың алдында мерекені өткізуден бас тартқан оқиғалар болмапты. Қазақтар той жасамайтын жағдайлар өте сирек кездеседі. Мейрамханаларда үйлену тойын әзірге ешкім кейінге қалдырған жоқ. Әзірге ондай ақпарат алмадық", - дейді рестораторлар клубының басшысы. 

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram