22 наурыз 2018 | 10:21

Қазақстанның әр өңіріндегі отбасылар Наурыз мейрамын қалай атап өтеді

Иллюстрация © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар Наурыз мейрамын әрдайым асыға күтеді. Бұл күні дастархан жайып, қонақ күтіп, ағаш отырғызып, қыстан кейін айналаны ретке келтіру қажет. Tengrinews.kz редакциясы еліміздегі әр өңірдің отбасылары бұл мейрамды қалай қарсы алады, соған жасалған шолуды назарларыңызға ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Наурыз мейрамын әрдайым асыға күтеді. Бұл күні дастархан жайып, қонақ күтіп, ағаш отырғызып, қыстан кейін айналаны ретке келтіру қажет. Tengrinews.kz редакциясы еліміздегі әр өңірдің отбасылары бұл мейрамды қалай қарсы алады, соған жасалған шолуды назарларыңызға ұсынады.

Алматы

Реклама
Реклама

Айтмырзаевтар отбасы үшін Наурыз ерекше мейрам. Бұл күні 82 жастағы Рысжан Айтмырзаеваның үйіндегі мол дастарханға бүкіл ұрпағы жиналады. Кейуананың алты баласы, он немересі және сегіз шөбересі бар.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Орынша Байбатырова ұлттық дәстүрді сақтаған жан. Ол Наурыз мейрамын туыстарымен атап өтеді, бұл бас қосуға, әңгіме дүкен құруға, жаңалықтарды білуге, қонақ шақыруға өте жақсы себеп. Орынша апа мерекелік дастарханға арнап Наурыз көже әзірлеп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы

Наурызға - бесбармақ пен бауырсақ, пасхаға - собалақ пен боялған жұмыртқалар. Бұл екі мереке де Әбіловтар отбасы үшін маңызды. Елена мен Советхан 15 жылдан бері бірге. Осы уақыттың ішінде Елена қазақ асханасының қыры мен сырын жете ұғынып алған.

Батыс Қазақстан облысы

БҚО-дағы Биғалиевтер ансамблі "Мерейлі Отбасы" байқауынан кейін таныла бастаған. Алты баланың (үш ұл және үш қыз) барлығы да ән мен би байқауларына белсенді қатысады. Бұл талантты отбасы Наурызды әрқашан бірге қарсы алады. Олардың ата-аналары Казталовка ауданынан Оралға барады. Үлкен үйде олар мерекеге алдын ала дайындалады.

Ақмола облысы

Мұрат Қабылбаев 12 баланы қамқорлығына алған. Бұл отбасы Ақмола облысындағы Кенесары ауылында тұрады. Көпұлтты отбасы Наурыз мейрамында мерекелік шараларға қатысады. Бұл жолы отбасылық "Жігер" ансамблі музыкалық номер дайындаған. 

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная