ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2017 | 19:40
"Келiндер бәйгесi" реалити-шоуы жайында қызықты деректер
31 арна осыдан екі жыл бұрын "Келіндер бәйгесі" деп аталатын жаңа әйелдерге арналған реалити-шоуының бүгін Алматыда жобаның үшінші маусымының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
31 арна осыдан екі жыл бұрын "Келіндер бәйгесі" деп аталатын жаңа әйелдерге арналған реалити-шоуының бүгін Алматыда жобаның үшінші маусымының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Әлемде үйлену тойына арналған түрлі форматтағы реалити-шоулар бар. Сол сияқты қазақстандық "Келіндер бәйгесі" жобасы 2015-2016 жылдары бірінші және екінші маусымда өте жоғары рейтингтік көрсеткішке ие болды. Жыл өткен сайын қазақстандық көрерменнің оған деген ықыласы артып, қатысушылар саны көбейіп келеді. Сонымен қатар, жобаның төртінші маусымы түсірілімді Талдықорған қаласынан бастап кетті.
Еске салайық, реалити-шоудың ережесі бойынша, әрбір шығарылымда қатысушы төрт қалыңдық басқа қалада өткеніне қарамастан бір-бірінің тойына қатысып, тойдың ұйымдастырылу деңгейіне баға береді. Сонымен бірге, жоба барысында 31 арна көрермендері той мамандарынан ақыл-кеңес алады. Маусым соңында тойы үздік деп танылған жеңімпаз екі адамға арналған бал айына жолдама ұтып алады. Бірінші және екінші маусымның жеңімпаздары бал айларын Түркияда және БАӘ-де өткізіп қайтты.
Уақыт өткен сайын шоу сапасы артып, көпұлтты тойлар пайда болып, тіпті той салты да өзгеріп келеді. Бұл жолы жоба жасаушылар Қазақстанның Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, және еліміздің Қытаймен шекарадағы аудардарында тұратын қалыңдықтарға баса назар аударған. Алайда Алматының қалыңдықтары да қалысқан жоқ! Оңтүстік астанамыз көпұлтты тойларға бай өлке. "Келiндер Байгесi" шоуының бұл маусымында жасы 30-дан асып, өз кəсібін дөңгелетіп отырған қалыңдықар да аз емес.
Жоба арқылы Қазақстаның әр аймағында және әртүрлі қалаларында үйлену тойына қатысты дәстүр-салттардың саналуандығын білдік. Тіпті бір-бірімен көрші орналасқан Қызылорда мен Түркістан қалаларының салттары бір-біріне мүлде ұқсамайды. Алайда барлық тойға ортақ нәрсе бар. Ол - той иелерінің тойды мейлінше салтанатпен өткізіп, мол дастарқан жайып, залды ерекше безендіріп, ойын-сауық бағдарламаларымен әрлеуге, келген қонақтардың көңілін тауып, өздері де сәнді көрінуге деген ниеті. Оның үстіне, шоудың өткен маусымында қарсыластардың бір-біріне айтқан сын-ескертпелерін көрген үшінші маусымның қалыңдықтары өз тойларын ұйымдастыру жұмыстарын жіті бақылап, безендіру жұмыстарына, той дастарқанына ерекше көңіл бөлген.
"31 арна үйлену тойына арналған жобаны ұсынып, қалыңдықтарды жарыстыру арқылы көрермендердің той ұйымдастыру, оны өткізу мәселесіне жіті назар аударғанын қалайды. Сол арқылы біз той өткізу үлкен еңбек пен қаржыны қажет ететінін, оны егжей-тегжейлі ұйымдастыру керектігін көрсеткіміз келеді", - дейді 31 арнаның Бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова.
Жоба продюсері Игорь Паськоның айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, әдетте тойы қаншалықты кемшілікпен өткеніне қарамастан, жұмсақ мінезімен басқа қатысушыларды өзіне баурап алған ең мейірімді қалыңдық жеңіске жетеді екен. Мәселен, өткен маусымдардың бірінде, бал айына жолдаманы неке қию салтанатын ауылда, өте қарапайым ұйымдастырып, тіпті жеңіске жетемін деп ойламаған бойжеткен ұтып алды. Алайда ол өзінің мінезімен қарсыластарын тізе бүктірді.
"Әрине, ең бастысы, жас жұбайлардың бақытты болғанына, отбасыларының өсіп-өркендеп, ұрпақ сүйіп, ұзақ өмір сүруіне тілектеспіз. Сол себепті, 31 арна ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынатын арна ретінде жобаның қатысушыларының басынан өткен той-думанды, керемет көңіл күйді өз көрермендеріне де тілейді. Өйткені үйлену - адамның өміріндегі ең басты оқиға! Барлығына бақыт тілейміз!", - дейді Нұржан Мұхамеджанова.
"Келiндер бәйгесi" жобасы жайында қызықты мәліметтер:
Түсірілім тобы өтпей қалған тойларды да көрді. Екі рет қалыңдықтардың жақын туысы қайтыс болып, өкінішке орай, тойды кейінге шегерген. Бір ретінде болашақ қайын ене түсірілімге қарсы болып, басталып кеткен түсірілімді тоқтатуға тура келеді. Қалған үш қалыңдықты таратып, бүкіл түсірілім тоқтап, Талдықорғаннан Алматыға қайта оралды.
Бірде Қызылордадағы бір тойда тұрмысқа шыққалы жатқан қалыңдықты басқа жігіт алып қашып кетті.
Бір қалыңдық түрік ұлтының өкіліне тұрмысқа шығып, тойдың басында қазақтың ұлттық киімімен, содан соң түріктің ұлттық киімі - той көйлек киіп шықты. Бойжеткен бал айына жолдама ұтып алуға қатты құлшынды. Алайда күйеу жігіт оған Италияға бал айына жолдама сыйға тартты. Сол себепті олар тойдан кейін бірден шетелге аттанды. Ал қалыңдық жобаның финалына скайп арқылы қатысты.
Жобаға қатысатын 4 жұптың әрқайсысын іздеуге 1-2 ай уақыт кетеді. Өйткені қалыңдық іріктеу оңай емес. Олар әртүрлі боуы үшін қылығына, мінезіне ерекше назар аударылады. Бүгінге дейін 60-қа жуық тойдың түсірілімі өтсе, оның 16-сы - жаңа, үшінші маусымда. Олар Алматы қаласында, Алматы облысында, Қызылордада, Түркістанда, Кентауда және Талдықорғанда өтті.
31 арна "Келіндер бәйгесі" жобасына қатысқан қалыңдықтардың ары қарайғы өмірін бақылап отырады. Олардың 90 пайызы балалы болды және жобаның жалғасын әлі күнге көреді. Кейбіреулері тіпті 31 арнаға қоңырау шалып, тұрмысқа шыққалы жатқан туыстары мен құрбыларын жобаға қатысуға ұсынады.
15 мамырдан бастап 31 арнада 15.05-те "Келiндер бәйгесi" реалити-шоуын жіберіп алмаңыз!
Показать комментарии
Читайте также