17 қараша 2020 | 14:01

Кептелісті реттеген шымкенттік полицейдің видеосы тарады

Видеодан алынған кадр

Желіде жұмысынан тыс уақытта жолдағы кептелісті реттеген шымкенттік полицей Алдаберген Мылтықбайдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде жұмысынан тыс уақытта жолдағы кептелісті реттеген шымкенттік полицей Алдаберген Мылтықбайдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол түнгі ауысымнан кейін үйіне жеке көлігімен қайтып келе жатып, жол қиылысындағы кептелісті реттей бастаған.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz тілшісі патрульдік полицияның 27 жастағы инспекторы Алдаберген Мылтықбаймен байланысқа шықты.

"Жұмыстан түнгі ауысымнан таңертең сағат 10-да келе жатқанмын. Бәйтереков пен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы кептелісті көрдім. Бағдаршамдар жұмыс істемей тұр екен. Әріптестерім мен жүргізушілерге көмектескім келді, көліктен шығып, қозғалысты реттей бастадым, - дейді аға лейтенант.

Полицей видео Желіде тарап, танымал болып кетемін деп ойламағанын айтады.

"Видео осылай тарап кетеді деп күтпедім. Танымал болып кетейін деп көмектескен жоқпын, тек өз жұмысымды істедім, яғни жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Менің орнымда кез келген полиция қызметкері осылай істейтін еді. Жүргізушілер өздері шыға алмады, жаңбыр жауып тұрды, бірақ көбі алғыс білдірді", - дейді полицей.

Айта кетейік, Алдаберген Мылтықбай осымен сегізінші жыл патрульдік полицияда жұмыс істейді екен. Әйелі, екі қызы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная