20 маусым 2017 | 12:52

Кейуанаға көмектескен полицей астаналықтарды тәнті етті

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүргізушілерге жол бермей, егде жастағы әйелді өткізген полицейдің әрекеті астаналықтарды тәнті етті, тіпті тоқтаған жүргізушілер оған құрмет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүргізушілерге жол бермей, егде жастағы әйелді өткізген полицейдің әрекеті астаналықтарды тәнті етті, тіпті тоқтаған жүргізушілер оған құрмет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісінде Сара Берсан есімді қолданушы жазды.

Реклама
Реклама

"Дүйсенбі, кешкі уақыт. Астана. Кептеліс. Шаршаған жаяу жүргіншілер. Үйге асығып бара жатқан жүргізушілер. Бір сөзбен айтқанда, барлығы шаршаған. Содан жол бойында әже пайда болды. Әрең дегенде жүріп келе жатыр. Жасыл түс жанып біткен, ал әжей болса әлі жолдың ортасында болды. Кептеліс жанданып, біреулер тіпті көліктерінің терезелерінен айғайлап жатты. Ал біреулер тоқтаусыз дабыл бере берді", - деп жазған Сара Берсан.

"Сонда бір адам ғана сабырлы болды. Ол бір белгімен-ақ ашулы жүргізушілерге өзінің қайырымды ісін көрсетті. Ол әжені қолынан ұстап, жолдан өткізді. Барлығы осы сәтте тынышталып, жасыл түстің жанғанын күтті. Барлығына сабақ болды... Жұмысыңызға сәттілік, құрметті тәртіп сақшысы, ал ең бастысы, нағыз ер адам", - деп жазған астаналық қыз.

Әлеуметтік желі қолданушылары полицейдің әрекетін қолдап жатыр. "Қандай азамат! Көзіме жас алдым. Осындай адамдар көбірек болса екен", - деп жазған қолданушылардың бірі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер суреттегі полицейдің арнайы батальон қызметінің аға инспекторы, Әкімшілік полиция басқармасының бас лейтенанты Бақытжан Мәуленов екенін айтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная