Кит биолог әйелді алып акуладан арашалап қалды - Видео

Кит биолог әйелді алып акуладан арашалап қалды - Видео Видеодан жалған кадр

Китті? м?хитта зерттеу ж?мысымен айналысып ж?рген ?йелді алып акуладан арашалап ?ал?ан с?ті видео?а т?сіп ?алды, - деп жазады The Independent

Киттің мұхитта зерттеу жұмысымен айналысып жүрген әйелді алып акуладан арашалап қалған сәті видеоға түсіп қалды, - деп жазады The Independent

Оқиға Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі Кук аралының маңында болған. Биолог Нэн Хаузер киттің жанында жүзіп жүріп, ұзындығы үш метр тарғыл акуланың жақындағанын байқамаған. Жыртқышты байқаған кит әйелді қанаттарымен жауып, қорғай бастайды. Тіпті бір сәтте ол 63 жастағы Хаузерді арқасымен су бетіне шығарып тұрады.

Жақын маңда тағы бір кит жүзіп жүрген. Ол да әйелді қорғаштап, акуланы қуалауға тырысқан екен. Биологтың сөзінше, бұл оқиға киттердің өзге тіршілік иелерін қорғау инстинкті барын білдіреді.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама