Көкпарды көпқабатты үйдің ішіне дейін жылқысымен кіргізген жігіттің видеосы пайда болды

© instagram.com/kazakh_video

?азнетте к?кпарды к?п?абатты ?йді? ішіне дейін жыл?ысымен кіргізген жігітті? видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнетте көкпарды көпқабатты үйдің ішіне дейін жылқысымен кіргізген жігіттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі kazakh_video парақшасында пайда болды. Оқиға Қазақстан қалаларының бірінде болған. Роликте жылқы мінген ер адамның көпқабатты үйдің баспалдағымен көтеріліп бара жатқаны түсірілген. Жарты тәулік ішінде видеоны 30 мыңға жуық адам көрген. Пікір жазғандардың бірқатары мұның жабайылық екенін айтып, сөгіп жатса, тағы біреулері мұның ұлттық салт-дәстүр екенін айтып жатыр.

Реклама
Реклама

 

Айта кетейік, көкпардың дода әдісінде осындай ерекшелік бар. Көкпар тартушы оны ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама