Көктен түскен "отты қол" тұрғындардың зәресін алды

© facebook.com/navegadormensal

Көктен түскен "отты қол" Португалияның Мадейра аралының тұрғындарының зәресін алды. Түр-түсімен отты қолға ұқсайтын бұлтты интернет қолданушылары "Құдайдың отты қолы" деп те атап кетті, - деп хабарлайды НТВ.

Әсерлі табиғи құбылысты португал фотографы әрі блогер Рожерио Пачеко суретке түсіріп алыпты. Желіге салынған сурет "Құдайдың қолы" деген атаумен тарай бастады. Кейбір қолданушылар бұл құбылыстың не білдіретінін анықтамақ болды, бірі оны жақсылыққа жорыса, бірі адамзаттың қасіреті деуге де барды. 

Реклама
Реклама


© facebook.com/navegadormensal

Ал өз кезегінде метеорологтар бұл табиғи құбылыстың ешқандай да сырының жоқтығын айтады. Сөйтсек, суретте лентикуляр бұлт түсірілген, ол дымқыл будың конденсациясынан ауа қабаттарының арасында түзіледі екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама