ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2021 | 09:28
Қостанайда жазасын өтеп жатқан сотталушы жеті жылда төрт диплом алды
Қостанай облысының ұзақ мерзімге сотталған тұрғыны жаңа мамандықтарды игеріп, төрт диплом алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысының ұзақ мерзімге сотталған тұрғыны жаңа мамандықтарды игеріп, төрт диплом алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Леонид Смолкин темір тордың арғы жағына 18 жасында адам өлтіргені үшін түскен. Ол колледжде оқып, бокспен айналысып жүрген. Төбелес кезінде жазым болып, адам өлтіріп алған.
"Мен адам өлімі үшін жазамды өтеп жатырмын. Бір досым болған, ол жігіттермен сөзге келіп қалып, мен төбелеске араласып кеттім. Менің соққымнан біреуі қайтыс болды, бірақ қолымда не балта, не пышақ та болмаған. Ал екіншісін менің досым өлтірген. Соттың шешімімен 22 жыл 6 айға сотталдым. Осымен 15-інші жыл жазамды өтеп жатырмын", - дейді сотталушы.
Ер адамның сөзінше, колонияға бара жатқан кезінде көзіне жас алған. Соттың шешімі оның ашуына тиген: енді жастық шағы түрменің арғы жағында өткен. Алайда түрмеде Леонид Смолкин ес жиып, білім алмақ болған. Ол жеті жылда төрт диплом алып шыққан: газ-электрмен дәнекерлеуші, электрмонтер-реттеуші, ағаш ұстасы-станокшы және рентген аппараттарына қызмет көрсететін радиотелемеханик.
"Бәрін теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де үйрендім. Бәрінен бұрын газэлектрдәнекерлеушіні оқыған кезім есімде қалыпты. Көбі дәнекерлеумен айналысқысы келмейтін, ал мен керісінше. Тіпті мен дәнекерлеушінің дипломын алған кезде бізге астанадан бір ер адам келген болатын, ол менің қызыл дипломмен бітіргеніме сенбеді. Ол жертөлеге түсіп, дәнекерлеу аппаратымен қалай жұмыс істейтінімді көрсетуді сұрады, мен көрсеттім. Ол таңғалды", - дейді Леонид.
Ер адам колонияда жүрген кезінде ақша тапқысы келген. Ол Германияда жүрген әйелімен телефон арқылы сөйлесу үшін ақша жинаған. Сөйтіп Леонид дорба тоқитын тағы бір сотталушыдан қолөнерді үйретуін сұрап, тоқымамен айналыса бастаған.
Леонид барлық клиенттен тапсырыс қабылдайды. Ол туындыларын әйеліне де жіберіп тұрады. Ер адам әйелімен бостандықта жүрген кезде танысқан. Ал некелерін Леонид колонияға түскен кезде заңдастырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также