ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2019 | 12:42
Құрбан айт: Малдың бағасы өсе ме?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдік өкілдері мен дін қызметкерлері Құрбан айт кезіндегі мал бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдік өкілдері мен дін қызметкерлері Құрбан айт кезіндегі мал бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай Өтпеновтің айтуынша, қазіргі таңда ірі қара малдың бағасы - 315 000 теңге.
"Ірі қараның бағасы мөлшерімен белгілі. Мәселен, ірі-қара бойынша базар әкімшілігінің бізге ұсынып жатқан бағасы - 315 мың теңге. Егер 7 адам бірігіп, ірі қара малды құрбандыққа шалуға бекінсе, бір адамға 45 мың теңгеден айналады. Бірақ, ол соманың ішіне барлығы кіретінін ескеру керек. Яғни, қасапшылар малды сойып, бөліп, бәрін дайындап береді. Ет жетіге бөлінгеннен кейін жеті адам алып кете ме, қайырымдылыққа бере ме - өзі шешеді.
Ірі қараға байланысты баға осындай. Әрине, біз өз тарапымыздан мал сатушылардан бағаны қатты қымбаттатпауды сұраймыз. Себебі, халыққа қиындық жасамау керек, көмек берілуі тиіс. Шариғатымызда да солай. Әдейі халыққа қиындық жасауға болмайды. Нарықтық баға қалай болса, сол бойынша сатуды сұраймыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының діни бірлестіктермен, миссионерлермен және теологиялық оқу орындарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Әділет Төлеутаев базар басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.
"Малдың бағасы бойынша біз базар басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. 11 тамызға дейін олармен тағы да кездесеміз. Яғни, әлбетте, қазір мереке болғандықтан, малға деген сұраныс өте жоғары болады. Сұраныс көп екен десек те, мал мен ет бағасын шамадан тыс көтертпеуге тырысамыз. Жалпы, былтырғы жылдың тәжірибесі бойынша ұсақ малдың - қойдың ең қымбат бағасы 40-50 мың теңгенің шамасы болуы мүмкін. Ал негізі қойдың құны 20 мың теңгеден басталады, - деді Төлеутаев.
Еске салайық, мұның алдында елордада құрбандық шалатын орындар аталған еді.
Показать комментарии
Читайте также