07 қараша 2014 13:33

Курстастарынан мазақ еститін студент Қызылорда облысының әкіміне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырымбек Көшербаев. ©Тengrinews.kz Қырымбек Көшербаев. ©Тengrinews.kz

Астанада оқитын қызылордалық студент курстастары бұл шыққан қаланы Қызылорда емес, орысша "Кызылдыра" деп атап мазақтайтынын айтып, облыс басшысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада оқитын қызылордалық студент курстастары бұл шыққан қаланы Қызылорда емес, орысша "Кызылдыра" деп атап мазақтайтынын айтып, облыс басшысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен жылы мен әкім қызметіне жаңадан кірісіп жатқан кезде өз сайтымда қызықты хабарлама алдым. Онда Еуразия университетінің студенті былай деп жазады: "Курстастарым біздің қаланы "Қызылорда" емес, "Кызылдыра" деп атаған кезде төбелесіп қала жаздадым. Біздің Қызылорданың атауын нағыз Орда болатындай өзгертейікші". Мен: "Бірге істейік. Сен жақсы оқы, ал біз бұл мәселені шешуге тырысамыз" дедім", - деді Көшербаев ОҚК брифингінде.

Әкім өңірдегі барлық мәселені шешуге болатынын айтты, ең бастысы - Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерінбей-жалықпай еңбек етіп, орындау керек. Өз баяндамасында ол облыс пен қаланың негізгі проблемалары туралы айтты. Соның бірі - сумен қамту. "Өкінішке қарай, Қызылорда қаласы - Қазақстандағы ыстық суы жоқ жалғыз облыс орталығы. Бұл мәселені шешу мақсатында біз қажетті жобалық құжаттаманы жасауды аяқтап жатырмыз, пилот ретінде біз бірнеше көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамту жүйесіне қостық. ХХІ ғасырда өмір сүреміз, ал біздің облыс орталығында ыстық су жоқ. Мойындау ұят, бірақ ол рас", - деді әкім.

Көшербаевтың айтуынша, Қызылорда тұрғындары Қызылжарма кенішінің таза ауызсуы теңізінің түбінде отырып, сапасыз су ішіп отыр. "Біздің Сырдарияның сағасында отырғанымызды білесіздер, сондықтан Өзбекстан арқылы, пестицидтері бар, гербицидтері бар мақта алқаптары арқылы барлық "компот" бізге жеткен кезде біз оны өңдейміз. Сондықтан ауызсудың сапасына қатысты денсаулық сақтау органдары тарапынан сын айтылады. Сол себепті бізге Қызылжарма су кенішіне көшу біз үшін аса маңызды", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети