Курт Кобейннің жемпірі 334 мың долларға сатылды

Курт Кобейннің жемпірі 334 мың долларға сатылды

Әнші Курт Кобейннің кардиганы 334 мың долларға сатылды. Бұл туралы Juliens Auctions аукцион сауда үйі Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

Әнші Курт Кобейннің кардиганы 334 мың долларға сатылды. Бұл туралы Juliens Auctions аукцион сауда үйі Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

Нью-Йорктегі кафелердің бірінде өткен аукцион былай аталды: "Иконалар мен идолдар: рок-н-ролл". Винтажды затты Кобейн 1993 жылы Nirvana тобының құрамында MTV Unplugged шоуы кезінде киген. 

Реклама
Реклама

2015 жылы кардиган аукционда 137 мың долларға сатылған еді, бастапқы бағасы 40-60 мың доллар болған. 

Осыған дейін, әншінің темекі шоғына күйіп қалған жемпірі 200 мың доллармен сатылымға қойылғаны айтылған еді. 

Курт Кобейн - Nirvana лидері, гранж стилін қалыптастырғандардың бірі. Музыкалық топ үш студиялық және бір концерттік альбом шығарды. Кобейн өз өміріне қол салғаннан кейін, Nirvana 1994 жылы тарады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама