Кувейтте тележүргізуші қонағын тікелей эфирде өртеді

© Фото: Скриншот YouTube/المبدع

Кувейтте комедиялы? ба?дарламаны? ж?ргізушісі тікелей эфирде ?она?ыны? ?стіне бензин шашып, ?ртеді. Б?л туралы Al Arabiya телеарнасыны? а?ылшын тілді сайтында хабарланды.

Кувейтте комедиялық бағдарламаның жүргізушісі тікелей эфирде қонағының үстіне бензин шашып, өртеді. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасының ағылшын тілді сайтында хабарланды.

Кувейттің белгілі жүргізушісі Джасем Раджаб (Jassem Rajab) шоу басында оны "Инстаграмдағы ең қырсық адам" деп атап, сынаққа қатысуын сұрайды. Қонақтың үстіне бензин шашылып, кейін от қойылады. Абырой болғанда түсірілім тобы ер адамды дереу сөндіреді. YouTube хостингіне жүктелген видеода көрерменге бұл әрекетті қайталамау ескертіледі. Сондай-ақ, барлық сақтық шараларының жасалғаны айтылады. 

Реклама
Реклама

Ал жүргізуші Раджаб "қонақ ауырсынуды сезбеді, оның денесі арнайы қорғаныш қабатымен қапталды" деп мәлімеді. Ал Желі қолданушылары оның бұл әрекетін тым қауіпті деп есептеп, сөгіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама