20 қазан 2020 09:16

Қырғыз жігіті Чикагода ғимаратқа шығып алып, Трамппен кездесуді талап еткен

© twitter

Чикагода белгісіз ер адам Trump Tower ғимаратына арқан байлап мініп, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді талап еткен, - деп хабарлайды Chicago Sun Times.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чикагода белгісіз ер адам Trump Tower ғимаратына арқан байлап мініп, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді талап еткен, - деп хабарлайды Chicago Sun Times.

Дереккөз мәліметінше, бұл оқиға кеше, 19 қазанда болған.

Реклама
Реклама

Биік ғимаратқа шығып алған ер адам талабын орындамаса өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан. Кейінірек, Kaktus.media мәліметінше, оның қырғызстандық екені анықталған.

Inside Paper басылымы ер адам жазған видеоны жариялады.

"Бәріңе сәлем. Мен Black Lives Matter қозғалысының жақтаушысымын және сайлауға дейін Трамп мырзамен сөйлескім келеді. Мен өлгім келмейді. Егер біреу арқанды тартып алуға тырысса, мен секіріп өлемін", - дейді қырғызстандық.

Ер адамның 31 жастағы Әділ Әлиев екені белгілі болды. Сондай-ақ, оның Қырғызстанынң Балықшы қаласының тумасы екені анықталды. Кейінірек полиция өкілдері оны ұстаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram