Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы 4,6 мың еуролық күртешені қайдан алғанын түсіндірді

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаров қымбат киімді қайдан алғанын түсіндірді. "Регион" телеарнасы саясаткер киіп жүрген желеткенің құны 2,5 мың доллар және күртешенің құны 4,6 мың еуро екенін анықтаған, - деп хабарлайды АКИpress

"Мен киімді өзім таңдамаймын. Бастысы өлшемі сай келсе болды, кие беремін. Маған киімді әйелім әкеліп береді...

Бұл киімді маған жақындарым, достарым құттықтап келгенде сыйлаған болатын. Сен оның бағасын сұрамайсың ғой. Бүгінге дейін сұрамаппын. Оны қалай алмайсың? Мысалы Камчы досым маған күртеше берді, оның бағасын сұраған жоқпын. Егер ертең мен оны киіп алсам, тағы да әңгімелер жүруі мүмкін", - дейді Садыр Жапаров.   

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қалған киімдерді басқа азаматтар жіберген. 

"Мәскеу, Питер, Қазандағы отандастарымыз жинап, маған жіберген. Мен үстімдегі киімді киемін. Адамдар киіп жүргенді киемін. Бірақ бағасын сұрамадым, оған қызықпаппын да. Бағасына қарамаймын, бастысы - жарасып тұрса болды. Өзім базарға, дүкенге бармаймын, бәрін әйелім әкеліп береді", - деді Жапаров. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама