08 қазан 2020 17:46

Қытайда 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланған ер адам отбасымен қауышты

Фото: Xuzhou radio

Қытайда 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланған ер адам отбасымен қауышты, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланған ер адам отбасымен қауышты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөз мәліметінше, 1989 жылдың қазан айында Қытайдың Гуйчжоу провинциясында Лэй мырза мен оның әйелі Цзяньнің үйінің кірберісіне бейтаныс адам келген. Ол өзін саяхатшымын деп таныстырған, содан ерлі-зайыптыдан оны бір апта уақыт үйде тұруға рұқсат беруін сұраған. Күндердің бір күніне әйелі мен күйеуі үйден кетіп қалғанда ер адам үйде қалған бір жасар сәбимен қашып кеткен.

Реклама
Реклама

Ата-анасы баланы он күн уақыттай іздеген, алайда іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеген.

Дегенмен келесі 30 жыл ішінде Лэй мен Цзян баласын табуға тырысқан, тек 2020 жылдың жазының ортасында оларда баланы табу мүмкіндігі пайда болды. Шілде айында Шен есімді ер адам жеке куәлігін жаңарту үшін Цзянсу провинциясының Пичжоу қалалық округінің полиция бөліміне барған. Құжатты ауыстыру процедурасы аясында одан қан алынған, артынша ДНҚ-ны ұлттық базамен салыстырмен. Содан полиция оған 31 жыл бұрын биологиялық ата-анасынан ұрланғанын хабарлаған.

Басылым ер адамның ата-анасымен қауышқан сәтінің видеосын жариялады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram