Леонардо ДиКаприо жолбарыстардың Қазақстанға қайтарылуына қатысты ақпаратты бөлісті

© Youtube.com

Голливуд актері Леонардо ДиКаприо Instagram желісіндегі пара?шасында ?аза?станны? жолбарыстарды ?айтаруына ?атысты а?паратты б?лісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Голливуд актері Леонардо ДиКаприо Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның жолбарыстарды қайтаруына қатысты ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер естідіңіздер ме? Қазақстан осыдан жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен жабайы жолбарыстарды Орта Азияға қайтарайын деп жатқан алғашқы ел! Жабайы жолбарыстар бір кездері шығыс Түркиядан бастап Бали аралдарына дейінгі аумақтарда жүре беретін. Бірақ қазіргі уақытта олардың саны 90 пайызға азайды. Қазақстанның жолбарыстарды қайта жерсіндіруге (реинтродукциялауға) қатысты жоспарлары олардың тіршілік ортасын қорғап, Tx2 жоспарын орындауға көмектеседі", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

 

Осыған дейін ҚР ауыл шаруашылығы министрі де осы мәселеге қатысты пікір білдірген болатын. "Қазақстан жасыл даму жолын ұстанады. Біз үшін өз жерімізге жолбарысты қайтарып, осынау маңызды және ауқымды жобаны іске асыратын бірінші ел болу үлкен мәртебе. Сондай-ақ, біз үшін бағдарлама барысында Іле-Балқаш аймағының экожүйесі де толығымен қалпына келтірілетінді де маңызды болып отыр", - деген еді Асқар Мырзахметов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама