Лифт ішінде үш ер адамды сұлатып түсірген жігіт: Видео

Ресейде бір жігіт ?ш ер адамды лифт ішінде ?рып ??латты, - деп хабарлайды L!FE.

Ресейде бір жігіт үш ер адамды лифт ішінде ұрып құлатты, - деп хабарлайды L!FE.

Жаппай төбелес тұрғын үйлердің бірінің лифтінде болған. Видео кадрларынан төрт ер адамның дауласып тұрғанын көруге болады. Лифт тоқтағанда, олардың бірі шыға беріп, қайта бұрылады да үшеуін де ұрып құлатады. Осыдан кейін шабуылдаушы қарсыластарын дәлізге сүйреп шығарып, ұрып-соғуын жалғастырады. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. 

Видео "Типичный Екатеринбург" паблигінде жарияланды, алайда қазіргі таңда оқиғаның нақты қайда болғаны белгісіз. Кей қолданушылардың айтуынша, оқиға Омбы қаласында болған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ресей ІІМ-нің Свердло облысы жөніндегі МБ ресми өкілі Валерий Горелых бұл оқиғаның Екатеринбургте болмағанын айтады, себебі айтылып отырған тұрғын үйде лифт жоқ екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама