05 желтоқсан 2018 | 17:57

Лотереяда ұтқан зейнеткерлер ақша жұмсай алмай жатқанын мойындады

© dailymail.co.uk

Лотереяны ұтып алған зейнеткерлер ақша жұмсай алмай жатқанын мойындады, - деп хабарлады Lenta.ru порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Лотереяны ұтып алған зейнеткерлер ақша жұмсай алмай жатқанын мойындады, - деп хабарлады Lenta.ru порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, шотландиялық зейнеткерлер лотереядан ірі соманы жеңіп алған. Алайда олар ақша санауды және акциямен тауар сатып алуды білмеген. 

Реклама
Реклама

Зейнеткерлер - Фред пен Лесли Хиггинстер (Fred және Lesley Higgins). Олар тамызда EuroMillions лотереясының джекпотын жеңіп алып, 58 миллион фунт стерлингтің (4,9 миллиард рубль) иесі атанған. Алайда 67 жастағы Фред пен 57 жастағы Лесли ақшаны бірден жұмсамаған. Олардың ең ірі саудасы 430 мың фунт тұратын пентхаус болды, ол теңіз жағалауында орналасқан. Сонымен қатар, олар жаңа Audi A5 және BMW сатып алған, бірақ ескі Volvo автокөлігін сатпаған. Олар бір рет қана шетелге шыққан - Мальтаға, туыстарының үйлену тойына.

Бірнеше айдан кейін Лесли ескі әдеттерінен арыла алмай қойғанын мойындады. 

"Мен барлығын жаппай сатылымда сатып алуға үйреніп қалғанмын. Маған бір сөмке ұнаса немесе аяқ киім, мен соның арзандағанын күтемін. Ол менің санама терең сіңіп қалған. Біздің жаста өзгеру мүмкін емес", - деді ол.

Леслидің айтуынша, ол үшін лотерея мен байқауларға қатыспау қиынға соғып жүр, себебі ол тағы да ұтып қалармын деп, көршілерінен ұялады. Ал Фред әлі де ойнайды.

Тамызда бұл отбасы ұтысынан айырыла жаздаған, себебі сатушы байқамай олардың билетін жыртып тастаған. Алайда камералардың көмегімен тексеріліп, Хиггинстерге ұтыс берілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная