ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2019 | 21:19
ІІМ Қарағандыдағы жағдай, Денис Теннің өлімі және полицейлердің реформасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында тұңғыш рет сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында тұңғыш рет сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алмас Садубаев қазақстандық полицейлер, халықтың құқық қорғау органдары өкілдеріне деген сенімі мен полицейлердің реформасындағы өзгерістер жайлы сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жұмыс күні мен министрдің 8 жыл бойы атқарған қызметіне тоқталды.
Бұдан бөлек, Садубаев сұхбатында Қарағандыда болған оқиға, Денис Тен мен Ескендір Сүлейменовтің өліміне, таяуда жол апатына ұшыраған актрисаға қатысты пікір білдірді.
"Азаматтар өздері дүрліктіріп жіберді деп ойлаймын. Бұл жағдайды тұрмыстық сипатта болды деп есептейміз. (...) Ерегіспен, ашумен болған төбелестің арты осындай қайғылы жағдайға апарды. Кез келген ұлт осы елдің заңына бағынса, ештеңе болмас еді. Ол жерде екі тарап та кінәлі (...)", - дейді Садубаев.
Сонымен қатар, ІІМ ресми өкілі елімізде есірткімен күрес қалай жүргізіліп жатқаны, ұялы телефондарды тіркеу және WhatsApp-та жалған хабарламалар таратқандарға қатысты қолданылатын шаралар туралы айтып берді.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет, режиссер Тимур Бекмамбетов, әншілер Әбдіжаппар Әлқожа, Артур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген қонақ болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.
Показать комментарии
Читайте также