Маған ер адамдар да зорландым деп арызданып келеді - Жібек Мусинованың адвокаты

Айман Омарова

Есікте жаппай зорланды делінген Жібек Мусинованы? адвокаты Айман Омарова сотта ?з м?дделерін ?ор?ауды с?рап келетін зорлау ??рбандарыны? саны артып келе жат?анын айтады. Зардап шеккендер арасында ?йелдермен ?атар, ер адамдар да бар екен, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Есікте жаппай зорланды делінген Жібек Мусинованың адвокаты Айман Омарова сотта өз мүдделерін қорғауды сұрап келетін зорлау құрбандарының саны артып келе жатқанын айтады. Зардап шеккендер арасында әйелдермен қатар, ер адамдар да бар екен, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Жібекке дейін бұл мәселе бойынша келетіндер саны көп емес еді, жылына бір-екеу болатын. Мүмкін адамдар не болып жатқанын көріп отырған шығар. Жібек Мусинова - қазақ дәстүрімен тәрбиеленіп, зорлау туралы, жаппай зорлау туралы ашық айтқан алғашқы қыз. Қоғам бұл мәселеге қатысты пікірін өзгерте бастады. Зардап шеккендер әркезде де болғаны белгілі, бірақ, бұл туралы ашық айтпайтын. Адамдар мұны сөз ету керектігін түсінгеннен кейін, маған келіп арызын айтатындар саны артты. Осы аптаға дейін менде зорлау туралы бес қана іс болатын, қазір - тоғыз, бұл іс қозғалғандары, ал маған жазып, әзірге іс қозғауға барғысы келмей отырғандар қанша. Әйелдер ғана емес, ерлерде бар, мекемелерде зорланған ер адамдар. Зардап шегуші үшін, зорлаған адамның жазаға тартылуы өте маңызды", - дейді Айман Омарова "Дағдарыстық орталықтар одағы" ұйымдастырған зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында қызмет ететін белсенділермен кездесу барысында. 

Кездесу кезінде Айман Омарова зорлау істері бойынша екі тараптың мәмілеге келуіне тыйым салынуына заңнамалық тұрғыда қол жеткізуге тырысатындығын айтты. 

Реклама
Реклама

"Мен зорлау құрбанын, тұрмыстық зорлық-зомбылық және human-traffiking (адам саудасы - автор ескертпесі) құрбандарын қорғауда міндетті түрде адвокат болуы керек деп септеймін. Соталды және сот кезінде кепілдендірілген көмек болуы керек", - деп атап өтті қорғаушы. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама