"Мәңгі есіне сақтайды". "Серебро" тобы отырған ұшақ салонындағы видео жарияланды

"Серебро" тобы. © Ruinformer

29 с?уірде бортында ресейлік "Серебро" тобы отыр?ан S7 ?уе компаниясыны? ?ша?ы Черногория астанасында апат жа?дайында ?онды. Mash телеграм-арнасы ?уе кемесіні? бортында т?сірілген видеоны жариялады. 

29 сәуірде бортында ресейлік "Серебро" тобы отырған S7 әуе компаниясының ұшағы Черногория астанасында апат жағдайында қонды. Mash телеграм-арнасы әуе кемесінің бортында түсірілген видеоны жариялады. 

"Қанатындағы ақауға байланысты Черногорияда апат жағдайында қонған S7 ұшағының салонында түсірілген видео. Иә, бәрі жақсы аяқталды, бірақ, бұл сапарды жолаушылардың бәрі мәңгі есінде сақтайды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, ұшақтың апат жағдайды қонғаны туралы "Серебро" тобының мүшесі Ольга Серябкина айтып берген болатын. Өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ол "жазым бола жаздадық", "борттағы жағдай тозаққа айналды - бәрі жылап, айғайлап жатты", "ал бортсеріктер кәсібилік таныта алмай, жағдайды одан сайын ушықтырды" деп жазған еді. 

Кейін әуе компаниясының өкілдері ұшақтың белгіленген жерге қанатындағы ақауға байланысты қона алмағанын мәлімдеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама