17 наурыз 2020 13:09

Маңғыстаулық инспекторлар итбалықтың күшігін құтқарып қалды

Видеодан скриншот

Маңғыстаулық инспекторлар итбалықтың күшігін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстаулық инспекторлар итбалықтың күшігін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Түпқараған бөлімінің инспекторлары рейд шарасын жүргізу барысында Каспий теңізінің жағалауынан жараланған итбалықтың күшігін тауып алып, Ақтау қаласында орналасқан "Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына" жедел түрде жеткізген.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Маңғыстаулық инспекторлар итбалықтың күшігін құтқарып қалды (ҚАЗ, РУС) Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Түпқараған бөлімінің инспекторлары рейдтік шара жүргізу барысында Каспий теңізінің жағалауынан жараланған итбалықтың күшігін тауып алып, Ақтау қаласында орналасқан «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына» жедел түрде жеткізді. Жараланған итбалықтың жасы шамамен 3 айлық, ұрғашы, ұзындығы 95 см, кеуде қуысы 64 см, салмағы 13 келі. Мамандарының бақылауы бойынша итбалық балықшылардың құрған ауына түсіп, дене жарақатын алған. Бүгінгі күні теңіз сүтқоректісі орталық мамандарының жіті бақылауында. Қалыпқа келгеннен кейін табиғи ортасына қайта жіберілетін болады. ********* Мангистауские инспекторы спасли детеныша тюленя Инспекторы Тупкараганского отдела Мангистауской областной территориальной инспекции лесного хозяйства и животного мира при проведений рейдовых мероприятий на побережий Каспийского моря нашли раненого тюленя и оперативно доставили в город Актау в Центр изучения и реабилитации каспийского тюленя. Возраст раненого тюленя 3 месяца, самка, длина 95 см, обхват грудной клетки 64 см, вес 13 кг. По итогам осмотра специалистов, раны у тюленя возможно были получены от рыболовных сетей. Морское млекопитающее находятся под наблюдением специалистов центра. При полной восстановлении здоровья, тюлень будет выпущен в естественную среду обитания.

Публикация от Saken Dildakhmet (@sakendildakhmet) 16 Мар 2020 в 11:45 PDT

Жараланған итбалықтың жасы шамамен 3 айлық, ұрғашы, ұзындығы 95 сантиметр, кеуде қуысы 64 сантиметр, салмағы 13 келі екені айтылады.

"Мамандарының бақылауы бойынша итбалық балықшылардың құрған ауына түсіп, дене жарақатын алған.
Бүгінгі күні теңіз сүтқоректісі орталық мамандарының жіті бақылауында. Қалыпқа келгеннен кейін табиғи ортасына қайта жіберілетін болады", - дейді Ділдахмет.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram