11 қараша 2020 08:03

Маңғыстаулық полицейлер Land Cruiser 200 мініп жүр

Фото: Lada.kz

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментіне тиесілі деген Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігінің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментіне тиесілі деген Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігінің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Қымбат көліктің суреттері әлеуметтік желілерде жарияланған. Онда автомобильдің полиция атрибуттары қондырылғанын және жарық белгілері орнатылғанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Көлік Бозжыра шатқалының маңында және Маңғыстаудағы Бекет ата жерасты мешітіне кіру жолын көрсететін белгі маңында суретке түсірілген.


Фото: lada.kz

Өңір тұрғындары бұл көлікпен жоғары лауазымды шенеунікті күтті деген пайым жасаған. Сонымен қатар, желідегілер автомобильді Біріккен Араб Әмірліктеріндегі полиция көліктерімен салыстырды.

Өңірдегі Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Бозжыра шатқалы маңында 6-7 қарашада қоғамдық тәртіпті сақтау және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізілгенін хабарлады.

"Шара таулы аймақта болғандықтан, Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жүруге қиын жолдардан өту үшін Toyota Land Cruiser 200 автомобилін пайдаланды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram