ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 шілде 2015 14:57
Мәжіліс депутаты Досмұхамбетов отставкаға кетті
Парламент Мәжілісінің депутаты Темірхан Досмұхамбетов қызметінен кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлының депутаттық құзыреттілігін дереу тоқтату шешімі қабылданды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Досмұхамбетов 2012 жылдың қаңтарында Парламенттің төменгі палатасының депутаты болды. Ол Мәжілісте халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс комитетіне кірді. Бірнеше жыл бойы туризм және спорт министрі болды, Президенттің, Астана әкімі істерінің басшысы болды. Сонымен қатар, ол ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу