03 қараша 2018 11:39

Медведев Астанада өткен іс-шараға ерекше галстук тағып келді

Камила Долаева Журналист

2 қарашада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кездесуіне құс қауырсыны бейнеленген галстук киіп келді, - деп жазады "Коммерсант" тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 қарашада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кездесуіне құс қауырсыны бейнеленген галстук киіп келді, - деп жазады "Коммерсант" тілшісі.

Сурет Twitter әлеуметтік желісіндегі "Кремлевский пул РИА" парақшасында және RIA_Kremlinpool телеграм каналында жарияланды. "Бүгін премьер-министр Brioni галстугын таңдады, бірақ ол соңғы тенденцияны қумайды. Топтама жаңа емес", - деп жазылған сурет сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Ерекше галстукқа іс-шараға қатысқан журналистер де назар аударды, - деп жазады "Комсомольская правда" тілшісі. Қалған премьералар дәстүрлі ресми стильдегі галстук таңдаған.


© Екатерина Штукина/РИА Новости

Brioni маркасының ресми сайтында құс қауырсыны бейнеленген галстук бар, бірақ оның бағасы белгісіз, себебі сатылымда жоқ. ЦУМ интернет дүкенінде 2018 жылғы ерлердің Brioni галстугын орта есеппен 15-16 мың рубльге (84 000-90 000 мың теңге) сатып алуға болады, - деп жазды URA.Ru порталы тілшісі.

Мұның алдында да бұқаралық ақпарат құралдары Медведевтің киетін галстуктарына назар аударған, - дейді  ФедералПресс тілшісі. Осылайша ол "Бірегей Ресей" фракциясының дума отырысына жасыл галстукпен келген. Онда кішкентай көгілдір мопедтертер бейнеленген еді. Ал кейін блогерлердің бірі премьер-министрдің галстугында италиялық Vespa мотороллері бейнеленгенін байқаған. Бұл аксессуарды италиялық компания шығарған екен. Оны 35 евроға сатып алуға болады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram