29 мамыр 2023 | 11:23

"Мен батыр емеспін". Алматыда курьер жігіт әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті

видео кадры

Бір күн бұрын әлеуметтік желі қолданушылары тамақ жеткізуші жігіттің видеосына тәнті болған еді. Видео қысқа уақыт ішінде TikTok желісінде 2 миллионға жуық қаралым жинаған. Tengri Life танымал видеодағы кейіпкерді тапты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бір күн бұрын әлеуметтік желі қолданушылары тамақ жеткізуші жігіттің видеосына тәнті болған еді. Видео қысқа уақыт ішінде TikTok желісінде 2 миллионға жуық қаралым жинаған. Tengri Life танымал видеодағы кейіпкерді тапты.

Өткен аптада алматылық фотограф Ербол Әліпов өз парақшасында Қазнетте біраз талқыға түскен видео жариялады. Видеода курьер болып жұмыс істейтін жігіт Алматы көшелерінің бірінде денсаулығына қарамастан, тамақ жеткізіп, ақшасын тауып жүрген.

Реклама
Реклама

Видеодағы кейіпкері - 25 жастағы Бексұлтан Молтаев. Ол Тараздан келген. Бірақ қазір Бексұлтан Алматыда тұрып, жұмыс істейді. Ағасының ауыр диагнозын естігеннен кейін қосымша жұмысқа шыққан.

"Менің жұмысым бар, мен супермаркетте жүк тиеушімін, бірақ жақын адамымды емдеуге ақша қажет болғандықтан, тамақ жеткізуші ретінде қосымша ақша табуым керек", - дейді жігіт.

Бексұлтан өте қарапайым аз сөйлейтін жігіт екен. Ол мұндай танымалдылықты мүлдем күтпеген. Ол өзінің денсаулығына қатысты мәселелерін айтпады. Ағасының денсаулығы көбірек алаңдататынын айтып өтті.

"Жұмыстағы жалғыз қиындық - көп жүру керек. Жұмыс табуда еш қиындық болған жоқ. Бұл үшін әрине, жұмыс берушілерге ерекше рақмет", - дейді ол.

Курьер жігіт үйленбеген, ата-анасы мен егіз әпкесі Таразда тұрады. Желі қолданушылары жігіттің еңбекқорлығына сүйсініп, кейбірі көлік сатып алатын қор ашуға шақырды. Алайда, Бексұлтанның өзі ешнәрсеге шағымданбайтынын және ештеңеге мұқтаж емес екенін тілге тиек етті.

"Әрине, халықтың қолдағаны қуантады. Бірақ мен кез келген қиындыққа тап болып, қарсы тұруға дағдыланғанмын. Мен ешқандай батыр емес екенімді баса айтқым келеді. Ауру - бұл әрине күн сайын еңсеруге тиіс сынақ. Бұл қиындықтар кімде жоқ? Тек адамдар әр түрлі. Әрбір еңбек адамы құрмет пен мақтауға лайық. Сондықтан мен танымалдық іздемеймін және өмірге шағымданбаймын. Тек тезірек ағамның емделуіне ақша жинағым келеді, менде бәрі бар", - деп түйіндеді сөзін Бексұлтан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная