Мейірімді рудныйлықтың әрекеті Қазнетті тәнті етті

Видеодан алынған кадр

Рудныйда тротуардың мұзын жарып жатқан ер адамдың видеосы Қазнет қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рудныйда тротуардың мұзын жарып жатқан ер адамдың видеосы Қазнет қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбырдан кейін қалада жер мұз болып қалған. Жаяу жүргіншілер тротуарға аяқ баса сала бірден құлайды екен. Мұзды жарып жатқан ер адамды жолаушылар видеоға түсіріп алып, Instagram-ға жариялаған. 

"Өтіп бара жатқан ер адам құлаған әйелдерге көмектесті. Содан кейін құралын алып, мұзды жара бастады. Осындай мейірімді адамдар көп болса екен!" - дейді жазба авторы. 

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның азаматтық ұстанымына риза болды. Бірақ билік өкілдерін тайғақ тротуар мен жолдар үшін айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама