Миллиард рубль ұтып алған мәскеулік әйел: Өзімді миллиардер сезінбеймін

Фото: "Столото"

Мәскеу тұрғыны Надежда Бартош лотереядан миллиард рубль (6,13 миллиард теңге) ұтып алып, НТВ-ға берген сұхбатында өз әсерін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Мәскеу тұрғыны Надежда Бартош лотереядан миллиард рубль (6,13 миллиард теңге) ұтып алып, НТВ-ға берген сұхбатында өз әсерін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Рекордтық жүлденің ұтысойыны Жаңа жыл түні болған. Ал жеңімпаз тек 9 қаңтарда ғана байланысқа шыққан. 

"Білмеймін, өзімді миллиардер сезінбеймін", - деді Бартош. Ол бақыттың ақшада емес екеніне сенім білдірді. 

Реклама
Реклама

Жеңімпаз ұтып алған қаражатын ақылға қонымды түрде жұмсамақ. Оның ішінде өз кәсібі мен қайырымдылық қорын дамытпақ. "Бір нәрсеге шығын келмейтіндей қылу керек. Бізде жұмыс істейтін адамдар бар", - деді Бартош. 

"Столото" мәліметіне сүйенсек, 10 миллион рубльден көп ұтыстар билетті тексергеннен кейін 40 күн ішінде беріледі екен. Артынша жарты жылдың ішінде қаражат (13 пайызы салық) жеңімпаз көрсеткен есепшотқа аударылады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама