26 маусым 2019 | 13:44

Министр Арыста жарылыс кезінде әйелді босандыруға көмектескен мұғалімдерді марапаттады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Арыста жарылыс кезінде әйелді босандыуға көмектескен мұғалімдерді марапаттады, - деп хабарлайды "Отырар"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Арыста жарылыс кезінде әйелді босандыуға көмектескен мұғалімдерді марапаттады, - деп хабарлайды "Отырар"

24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы жарылыстар басталған уақытта ҰБТ өткізуге жолданған ҚР БҒМ өкілдері Утенова Балбөпе Есенжанқызы, Нұржұманова Жанат Мекешқызы, Доскеева Шайза Асанқызы жергілікті тестілеу пунктісінде соңғы легтің апелляцияларын жүргізіп жатқан. 

Реклама
Реклама

Жарылыстан кейін БҒМ өкілдері жергілікті тұрғындармен бірге Шымкент қаласына аттанып, жол бойында олар жарылыс басталған уақытта ауруханадан қашып шыққан босануға жақын қалған жүкті әйел мен жергілікті акушерді кездестірген. Жол бойында орналасқан Ақжар ауылында олар бірінші кездескен үйге кіріп, акушерге босандыруға көмек көрсетіп, нәтижесінде қыз бала дүниеге келген.

Утенова Балбөпе Есенжанқызы кішкентайдың кіндігін кесіп, "Кіндік шеше" атанды. Барлық адамдар қашып, құтылуға тырысқан жағдайда Б.Е. Утенова, Ж.М. Нұржұманова,  Ш.А. Доскеева өмірлеріне төніп тұрған қауіпке қарамастан азаматтық парызын ұмытпай, қиын сағатта дүниеге жаңа өмір алып келуге атсалысты.

Осы қысқа іс-сапарда Утенова Б.Е., Нұржұманова Ж.М., Доскеева Ш.А. ҚР БҒМ өкілдері ретінде тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ, өз қауіпсіздігі мен басқаның өмірін құтқару мүмкіндігі арасында таңдау жасау қажет болған қиын жағдайда парасаттылық танытты.

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді марапаттады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная