Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

Камила Долаева Журналист
Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"29 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды", - деп жазылған "Қазақконцерт" бірлестігінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, әнші өзінің жеке парақшасында да жаңалықты бөлісті. 

Реклама
Реклама

"Апта жақсы жаңалықпен бастау алды! Әр жетістігім сіздердің қолдауларыңыздың арқасы! Рахмет!" - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама