Моңғолия президенті Наурызды қазақ отбасында қарсы алды

© president.mn

Мо??олия президенті Цахиагийн Элбэгдорж о?ытушы, ?алым а?са?ал ?ылыш А?солтанны? ?йінде болды, - деп хабарлайды ARD ел президентіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж оқытушы, ғалым ақсақал Қылыш Ақсолтанның үйінде болды, - деп хабарлайды ARD ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылыш Ақсолтан Моңғолияда 53 жыл бойы еңбек етіп келеді. Оның 40 жылын Моңғол Мемлекеттік Университетінің ғылыми қызметкері және экономика факультетінің оқытушысы қызметінде болған. Соңғы 13 жылын "Моңғол" жоғары оқу орнында оқытушы болып істеді. Қылыш ақсақал мен Аятолхан әжейдің төрт баласы мен 6 немересі бар. 

Реклама
Реклама

Цахиагийн Элбэгдорж үй иесі мен моңғолиялық барша қазақты Наурыз мейрамымен құттықтады. "Көктем мерекесі өрлеуді, теңесу мен бар жақсылықтың келуін сипаттайды", - деді Цахиагийн Элбэгдорж Қылыш ақсақалмен әңгімелесе отырып.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама