06 наурыз 2019 09:47

Моңғолия қазақтары барысты құтқарды: Желі қолданушылары видеоны талқылап жатыр

Дина Муратова Редактор
© видеодан алынған кадр

Әлдекімдердің қар барысын байлап жатқан кезі түсірілген видео казнетте тарап жатыр. Жануарды дөрекі түрде байлағандарға желі қолданушылары наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлдекімдердің қар барысын байлап жатқан кезі түсірілген видео казнетте тарап жатыр. Жануарды дөрекі түрде байлағандарға желі қолданушылары наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видеоны Моңғолиядағы этникалық қазақтар түсірген екен. Жергілікті тұрғындар барысты өлтіру үшін емес, оны құтқарғысы келген.

Реклама
Реклама

"Ақпанның аяғында Монғолияның Баян-Өлгей ауданында этникалық қазақтар өмір сүретін жерде қар барысы олардың малдарына шабуыл жасаған. Тұрғындар оны ұстап алған. Олар барысты өлтірмей, оны қораға қамап қойған. Тұрғындар бұл оқиға жайлы қоршаған ортаны қорғау ұйымына хабарлаған", - делінген Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтың Facebook желісіндегі парақшасында.

"Мамандар барысты тексеріп, оны босатқан. Монғолиядағы қазақтардың бұл әрекеттеріне дән ризамын. Бұл басқаларға өнеге болатын әрекет", - деді ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Монғолиядағы қазақтар қар барысын аялап, қамқор болатынын айтты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram