Мүгедектер арбасында отырып билеген қыз Желі қолданушыларын тебірентті

Мүгедектер арбасында отырып билеген қыз Желі қолданушыларын тебірентті Видеоның скриншоты

М?гедектер арбасында отырып билеген ?ыз Желі ?олданушыларын т?нті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мүгедектер арбасында отырып билеген қыз Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеоны Facebook желісіне Мадина Түсіпбекова жүктеді. 

Кадрлардан оқиғаның медициналық мекемелердің біріндегі ортақ палатада болғанын көруге болады. Әуен ойнай бастаған сәтте мүгедек арбасында отырғанына қарамастан, бойжеткен иіліп, әсерлі би билей бастайды. 

Жарнама
Жарнама

Кейін ыңғайсыз күйге түсіп, биін тоқтатқан қызға палаталастары дем беріп, қошемет көрсетеді. Сөйтіп, қыз ән аяқталғанша би билейді.

Айта кетейік, ролик аз уақыттың ішінде 10 мың рет қаралды. Көптеген қазақстандық биші қызға тез сауығып кетуін тілеп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама