Мұрағаттан Алматыда болған селдің видеосы жарияланды

24 Шілде 2015, 21:48
0
Мұрағаттан Алматыда болған селдің видеосы жарияланды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

ҚР Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағаты 1970 жылы Алматыда болған селдің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.TV.

"Қара айдаһарды қолға үйрету" атты документалдық фильмді 1976 жылы "Қазақфильм" киностудиясы түсірді. Кадрдан тау ортасымен селдің - қара айдаһардың жүргенін көруге болады.

"Кадр сыртында 1970 жылы Қазақстанда 140-қа жуық селдің болғаны, сел қаупі бар аймақта үш миллионға жуық адамның тұрғаны айтылған. Айта кетейік, Алматыда ірі апаттар бірнеше рет болған. Ең үлкен сел 1921 жылы Кіші Алматы өзенінде болды. Сел жолындағының бәрін жойып отырды. 500-ден астам адам қаза тапты", - деп хабарлайды Tengrinews.TV.

Тағы бір сел тасқыны 1963 жылы болды. Сел мұзды көл Жарсайдың арнасынан шығуынан болған. Бірнеше сағатта бөгет иммараты қирады.

Он жыл өткен соң, яғни 1973 жылы тағы бір сел тасқыны болды. Ол Тұйықсу көлінің ыстықтың салдарынан арнасынан шығуынан болған. "Мыңжылқы" иммараты шыдамай, тасқын "Медеу" сел қоймасына жеткен. 100-ден астам адам қаза тапты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай