Мысықтар жер сілкінісі болатынын 10 секунд бұрын сезіп, қолданушыларды таңғалдырды

видеодан үзінді

Жапонияда мысы?тар?а арнал?ан кафеде орналас?ан бейнеба?ылау камералары т?сірген видео ке?інен таралып жатыр. Онда бір уа?ытта бірнеше мысы? жер сілкінісі болатыны жайлы алдын ала хабарла?андай, ала?даушылы? білдіреді. Видео YouTube желісінде жарияланды. 

Жапонияда мысықтарға арналған кафеде орналасқан бейнебақылау камералары түсірген видео кеңінен таралып жатыр. Онда бір уақытта бірнеше мысық жер сілкінісі болатыны жайлы алдын ала хабарлағандай, алаңдаушылық білдіреді. Видео YouTube желісінде жарияланды. 

Видео 18 маусымда түсірілген. Онда бір бөлмеде тыныш жатқан мысықтар лезде бастарын көтеріп, қояр жер таппағандай қозғала бастайды. Бірнеше секундтан соң камера жер сілкінісін түсіреді - бөлмедегі жиһаз қозғала бастайды. 

YouTube желісінің қолданушылары видеоға көптеген пікір қалдырған, олар мысықтардың сезгіштігін айтып, таңғалған. Көптеген адамдар табиғи апаты кезінде мысықтардың бір бөлмеде қамалып қалғанына алаңдаушылық білдірді. Видео миллионнан аса қаралған. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама